Социум

Қытайда көмір зауытынан шыққан өрттен 25 адам қаза тапты

Ғимараттан 63 адам эвакуацияланды

Қытайдың орталық бөлігіндегі Шаньси провинциясына қарасты Люйлян қаласындағы көмір зауытында өрт шығып, кем дегенде 25 адам қаза тапты, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Бұл туралы Қытайдың Орталық телевидениесі хабарлады.

«Бұған дейін қайғылы оқиғадан қаза тапқандар саны 11 адам деп хабарланғанымен, кейіннен олардың саны 25-ке жеткені белгілі болды», — делінген хабарламада.

Белгілі болғандай, өрт 16 қарашада жергілікті уақыт бойынша сағат 6:50 шамасында басталған. Өрт Yongju Coal Co компаниясының төрт қабатты ғимаратының екінші қабатынан шыққан. Ғимараттан 63 адам эвакуацияланды.

Өрттен зардап шеккендер жанғыш заттардың түтінінен уланған. Ғимартта қалған адамдардың тағдыры белгісіз.

Қазіргі кезде іздестіру-құтқару операциясы жалғасуда. Өрттің шығу себебі әлі анықталған жоқ, тергеу жүріп жатыр.

 

Другие новости

Back to top button