«Қысып отырыңдар!» Оқушы қызды жабылып ұрғандар тағы бір сұмдық видео таратты
Оқушы қызды аяусыз соққыға жыққан қыздардың сыра ішіп, былапыт сөздер айтқан видеосы жұрттың жағасын ұстатты. Олар өздерін сынағандарға осылай жауап берген, деп хабарлайды Экспресс К.
Кәмелетке толмаған қыздардың құрбысын жабылып ұрған видеосы ғаламторда үлкен шу туғызған болатын. Жетісу облыстық ПД баспасөз қызметінің хабарлауынша, бейнежазбадағы сұмдық жағдай «Самал» ықшамауданындағы пәтерлердің бірінде болған.
Ал төбелеске қатысы бар қыздардың барлығы облыс орталығы мен Қаратал ауданындағы оқушы қыздар екен. Олардың үстінен әкімшілік іс қозғалды.
«Жәбірленуші қыз өз өкілімен (әжесімен) бірге полицияға ресми өтініш беруден бас тартты. Соған қарамастан, іс жүзінде ҚР ӘҚБтК 73-1-бабында көзделген әкімшілік іс қозғалды (денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіру). Сонымен қатар, ұрып-соққан күдіктілерге катысты материалдар әкімдік жанындағы Кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның қарастыруына жолданды», — деді ПД баспасөз қызметіндегілер.
Алайда бұл жаза бұзақы қыздарды селт еткізе алмаған сыңайлы. Өйткені олар тәртіп сақшылары жауап алғаннан кейін да видео арқылы жұртқа үндеу жолдады. Онда қыздардың сыра ішіп, былапыт сөздер арқылы өздерін кінәлап жатқандарға жауап бергенін көруге болады.
Маған бәрібір. Менің басымды ауыртып, жаза бермеңдер! Ол қыз арызын алып кетті. Өз кінәсі үшін жауап берді. Барлықтарыңды ұрғаным бар,