Қысым көрсетіліп жатыр, 20 адам жұмыстан кетті: «Атамекеннен» дау шықты
Әлеуметтік қызметкер Дана Тәшімова кәсіпкерлердің орнына сауалнама толтыруға мәжбүр болған, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Bes.media-ның жазуынша, бұл туралы белсенді Салтанат Тәшімова Дананың анасы) мәлімдеді. Оның айтуынша, Алматының «Атамекен» өңірлік ұлттық кәсіпкерлер палатасының бөлім басшыларының бірі Айида Кірікбаева қызметкерді екі әлеуметтанулық зерттеу үшін сауалнама толтыруға мәжбүрлеп, бас тартқан жағдайда жұмыстан шығарам деп қорқытқан.
Қызметкерлердің өздері мұндай оқиғалардың болғанын растады. Олар Кірікбаеваның өз қызметіне жақында кіріскенін атап өтті.
«Ол мұндай жетекші лауазымды атқаруға қабілетсіз. Өз құзіретімен адамдарға қысым жасап отыр. Бізде қызметкерлер аз, бәрі кетіп жатыр, 20 адам жұмыстан шықты. Көп жылдар бойы жұмыс істеген қызметкерлер жаңа жүктемеге төтеп бере алмай жұмыстан кетіп қалды. Жақында келгенде де шыдай алмайды. Орталық аппарат басшылығы бұған көз жұмып отыр, өйткені жаңа басшы Алматы қаласы Кәсіпкерлер палатасының аппарат басшысы болып тағайындалды», – деді ведомство қызметкері.
«Атамекеннің» өзінде палатада «мұндай ештеңе» болмағанын мәлімдеді.