Госорганы

Қырғызстанда селден қаза тапқан балалардың денесі Өскеменге жеткізілді

Қырғызстанда ТЖ жарияланды 

Қырғызстанда қаза тапқан төрт қазақстандық баланың денесі Өскеменге жеткізілді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Бүгін қаза тапқандардың денесі Өскеменге арнайы бортпен жеткізілді. Шығыс Қазақстан облысының әкімдігінде балалардың туыстарына көмек көрсету үшін жедел штаб құрылды, оған өңірдің барлық қызметтерінің мамандары кірді», — делінген Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің хабарламасында.

Жергілікті атқарушы органдар мен «Халифа Алтай» мешіті жерлеуді ұйымдастыруды және өткізуді өз мойнына алды. Өңірдің кәсіпорындары мен кәсіпкерлері де отбасыларға көмек көрсетуге дайын екендіктерін білдірді.

Жұма, 28 маусым күні, Қырғызстанның Ош облысы Ноокат ауданында сел жүріп өтті. Салдарынан жолдар, көпірлер қирап, тұрғын үйлер су астында қалды. Қаза тапқандардың арасында Қазақстаннан төрт бала бар. «Абшыр-Ата» демалыс аймағынан 1400 демалушы эвакуацияланды. ТЖ режимі жарияланды.

Другие новости

Back to top button