Госорганы

«Қырғыз тарапымен өте тығыз жұмыс істеп жатырмыз»: Экология министрі су тапшылығы жайлы айтты

Ол ауыл шаруашылығында суды қажет ететін өнімдер көп екенін мәлімдеді

Үкімет отырысының кулуарында Экология және табиғи ресурстар министрі Зүлфия Сүлейменова су тапшылығы жайлы айтты, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

«Су тапшылығына қатысты жағдай қиын. Дегенмен биыл вегетациялық кезеңнің аяқталғанын атап өткен жөн. Шілде айында біз мұздықтардың еру жағдайы өзгермесе және қарқынды еру мен жоғары ағын болмаса, ауыл шаруашылығы дақылдары бойынша жекешелендіруді кезең-кезеңімен жүргізетінімізді айттық. Ендігі мәселе қант қызылшасына қатысты болып отыр. Қант қызылшасы суды көп көлемде қажет етеді. Оны қазан айына дейін суарып отыру керек. Сондықтан бұл жерде мәселе тек су көлемінің азаюымен ғана емес, суды көп талап етуінде болып отыр. Жалпы ауыл шаруашылығында суды көп қажет ететін өнімдер бар», — деді Зүлфия Сүлейменова.

Министр жағдай шынымен күрделі екенін атап өтті.

«Қырғыз тарапымен өте тығыз жұмыс істеп жатырмыз. Бішкекке бардым. Вице-министріміз Қордай, Байзақ, Талап аудандарына да барды. Бір рет емес, бірнеше мәрте барып жүр. Биыл жыл басында кестеге қол қойдық. Кесте аясында мүмкіндігінше жұмыс істеп жатырмыз. Шынымен, қазіргі таңда жағдай күрделі», — деді Сүлейменова.

Бұған дейін Жамбыл облысында суармалы су тапшылығы болған еді. Биыл 9 тамызындағы жағдай бойынша Талас өзенінің бассейні бойынша Киров су қоймасының көлемі 32,48 млн м3, бұл бір жыл бұрынғымен салыстырғанда 144,8 млн м3-ке аз (177,28 млн м3). Талас өзенінің былтырғы жылдың тамыз айындағы кестелік көрсеткіш бойынша Қазақстанның қажеттілігі 45 м3 / сек болатын, іс жүзінде су берілмеген — 0 м3/сек.

Другие новости

Back to top button