Социум

Қырғыз-тәжік шекарасындағы қақтығыс: тараптар жүздеген адамның қаза тапқанын мәлімдеді

Тәжікстан мен Қырғызстан екі елдің шекарасындағы қақтығыс кезінде шамамен 94 адам қаза тауып, 150-ден астам адам жарақат алғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

BBC агенттігінің жазуынша, екі елдің үкіметі қаза тапқандар туралы мұндай соңғы мәліметті жексенбі күні жария еткен. Қырғызстан билігі шекара маңындағы Баткен облысында 59 адам өліп, 144 адам жараланды десе, Тәжікстан арапы 35 адам өліп, 25 адамның жараланғанын жазған. Қаза тапқандар арасында әйелдер мен балалар бар.

Естеріңізге сала кетейік, көрші екі елдің шекарасындағы қақтығыстар осындан бес күн бұрын, яғни 14 қыркүйекте басталған болатын. Әзірге тараптар бейбіт келісімге келген жоқ.

БҮГІН ҰЛЫБРИТАНИЯ ПАТШАЙЫМЫ II ЕЛИЗАВЕТА ЖЕРЛЕНЕДІ

Бүгін, 19 қыркүйек күні Ұлыбританияның патшайымы ІІ Елизавета жерленеді. Патшайым осыдан он күн бұрын, яғни 9 қыркүйекте дүние салған болатын.

Оны жерлеу рәсімі Лондон уақытымен сағат 11.00-де Вестминстер аббаттығында өтеді.

Қазір ІІ Елизаветтамен  қоштасу үшін кезекке тұру рәсімі тоқтаған. Жергілікті билік халыққа кезекке тұрмай кете беру керек екенін айтқан. Оның табыты Вестминстер абаттығының кіреберісінде Лондон уақытымен таңғы сағат 06.30-ға дейін жатқан соң жерлеу рәсімі басталады.

Фото: rbc.ru

Айта кетейік, II Елизавета 70 жыл бойы Британияны басқарды және бүкіл әлемде құрметке ие болды. Бүгінде Ұлыбританияда және Ұлттар Достастығында тұратын адамдардың көпшілігі оның билігі дәуірінде туып, өмір сүрді. Бұл дәуір 1952 жылы басталып, жаңа Елизавета дәуірі деп аталды.

РЕСЕЙДІҢ АТАҚТЫ ӘНШІСІ ӨЗІН ШЕТЕЛ АГЕНТІ ДЕП ТАНЫТУДЫ ӨТІНДІ

Ресей мен посткеңестік елдердің атақты әншісі Алла Пугачева өз Отаны мен Украина арасындағы қақтығысты соғыс деп атап, оны осы көзқарасы үшін шетел агенттерінің қатарына қосуды өтінді.

Бірнеше күн бұрын әншінің күйеуі Максим Галкинді елдің әділет министрлігі шетел агенттерінің тізіміне қосқан.

Сахна патшайымы мұндай ойын өзінің әлеуметтік желісіне жазған.

«Мені де сүйікті Отанымның шетел агенттерінің қатарына қосыңыдар, өйткені мен жолдасымның көзқарасын қолдаймын», деп жазды ол РФ Әділет министрлігіне қарата жасаған мәлімдемесінде.

Пугачева жолдасы Максим Галкинді Ресейдің нағыз және ақшаға сатылмайтын патриоты деп атап, «ойдан шығарған мақсаты үшін қаншама адамды өлтіріп жатқан еліне тек қана жақсылық тілейді» деп атап өткен.

 

Другие новости

Back to top button