ГлавноеСоциум

Қырғыз еліндегі жойқын селдің бейнежазбасы тарады (ВИДЕО)

Қырғызстанда жаңбырдан кейін жүрген күшті селдің видеосы тарады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Ең соңғы мәліметтер бойынша, Ош қаласы мен облысында 788 үй су астында қалған

 

Бейнежазбада көргеніміздей, адамдар үйлердің шатырларына шығып кеткен. Селден келген су шамамен ересек кісінің кеуде тұсына дейін жетеді. Жеңіл көліктер суда қалқып жүр. Дүниесінен айырылған қарапайым халықтың шулаған дауыстары шығады.

24KG жазуынша, Ош қаласында 144 үй мен бір балабақша суға кеткен, ал Ош облысындағы бірнеше ауылда 642 үй мен 9 әлеуметтік нысан су астында қалды.

Еске салсақ, кеше Қырғызстанда толассыз жауыннан кейін, өзен тасып, күшті сел жүрген. Салдарынан бірнеше ауылды, үйлер мен нысандарды су басқан. Бұған дейін де Ош облысында қатты сел жүріп, қазақстандық 4 бала көз жұмған болатын. 

Другие новости

Back to top button