Госорганы

Қылмыстық топ құрып, рейдерлік әрекет жасаумен айналысқан 6 адамға іздеу жарияланды

Іздеуде жүргендер туралы қандай да бір ақпарат берген адамға сыйақы қарастырылған

Қаржылық мониторинг агенттігі Елдос Қоспаевтың үйлестіруімен рейдерлік әрекет жасады деген күдікке ілінген ұйымдасқан қылмыстық топтың 6 мүшесіне іздеу жарияланғанын хабарлайды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

«Елдос пен Айдос Қоспаевтар, Ерлан Имашев, Руслан Шалин, Оксана Кудряшова, Алексей Кузнецов тергеуден жасырынып жүр», — деп хабарлады агенттік өкілдері.

Еске сала кетейік, қылмыстық топ ұзақ уақыт бойы күш қолдану және қорқыту арқылы алматылық кәсіпкерлердің мүлкін, серіктестіктердегі үлестерін тартып алып, көлеңкелі кәсіпкерлікпен айналысқан.

«Рейдерлік шабуылдар бойынша сотқа дейінгі тергеу және ұйымдасқан қылмыстық топқа қатысы бар адамдарды анықтау жалғасуда. Іздеудегі адамдардың қайда болуы мүмкін екендігі туралы ақпараты бар адамдарды ҚМА сенім телефонына хабарласуды сұраймыз. 8 (7172) 708-478, 8 (727) 279-29-56», — делінген хабарламада.

Ақпарат бергені үшін сыйақы қарастырылған.

Другие новости

Back to top button