«Қылмысты мен жасағаным туралы айғақ жоқ»: Біртанов сот отырысында сөз сөйледі

Сотта бұрынғы денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Айта кетейік, 2020 жылдың 25 маусымында Елжан Біртанов денсаулық сақтау министрі қызметінен босатылды. Денсаулық сақтау министрлігінің бұрынғы басшысы Елжан Біртанов 2020 жылдың қарашасынан бері үйқамақта отыр.
Бұрынғы министр Елжан Біртанов пен бұрынғы вице-министр Олжас Әбішев денсаулық сақтау министрлігінің жұмыс істемейтін ақпараттандыру платформасын қабылдап, іске қосу арқылы қызмет бабын асыра пайдаланды деген күдікке ілінді. Адвокаттың айтуынша, құқық қорғау органдары іс бойынша бапты қайта саралаған.
«Менің ойымша, сот тергеуі барысында да, мемлекеттік айыптау платформасында, санитарлық авиацияның эпизодында да қылмысты мен жасағаным туралы айғақ жоқ.
Қылмыстың құрамы туралы дерек те ұсынылмаған. Мен айыптауды жариялаған кезде түсіндіруді сұрадым. Нормативтік-құқықтық базада бекітілгендердің ішінде денсаулық сақтау министрінің өкілеттігі, осы тармақтардың ешқайсысы айыптаумен белгіленбеген», – деді экс-министр.
Елжан Біртанов бұл іс бойынша барлық бұйрықтарға қызметтік міндеттеріне сәйкес қол қойғанын айтты.
«Егер айыптау актісінде бастапқыда тиімді мемлекеттік қызметшінің имиджін құру мақсатында мотив мәлімделген болса, менің жеке қызығушылығым қандай болды деген негіздеме ұсынылмады. Менің түсінуімше, мемлекеттік айыптау іс материалдарында бұл істі дәлелдей алмаған. Яғни, платформа ісіндегі және санитарлық авиация жағдайында менің кез келген уәждерім туралы ешқандай дәлелдер ұсынылмады. Қылмыстың объективтік жағы, яғни оқиғасы дәлелденбей қол қоюға ғана айып тағылды, бітті. Негізінде басқа оқиғаларда мен ешқандай қылмыс жасаған жоқпын», – деді Біртанов.
Біртанов Санитарлық авиациямен болған жағдайда басқаларға қауіп төндірмес үшін оындай қадамға барғанын айтты. Ол Астанаға үкіметтік ұшақпен ұшуы керек еді, бірақ кейін премьер-министрмен және басқа да үкімет мүшелерімен бірге ұшатын болғандықтан, әріптестеріне ауру жұқтырудан қорқып, оқшауланып, санитарлық авиацияның бортына қоңырау шалған. Сондай-ақ, Біртанов келтірілген шығынмен келіспейтінін мәлімдеді.
«Менің ойымша, айтарлықтай шығын келтірілген жоқ», – деді ол.