Культура

«Құран мен музыка бір жүректе өмір сүре алмайды»: Айдана Меденова не себепті өнер жолынан кеткенін айтты

Сахнадан кетіп, дін жолына түскен Айдана Меденова бір кездері өмірінің бөлшегі болған өнерден қалай бас тартқанын баяндады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

 

“Ән айтуды тастадым. Өмір бойы ғашық болған ісім менің көңілімді қалдырды. Исламды тани бастаған сайын, Алланың сөздерін оқыған сайын хадис, тафсирлерді оқып, білім алған сайын көп нәрсеге басқаша қарай бастаймыз. Біз жәй өмірде көп дүниеге мән бермейміз, байқамаймыз. Бірақ бізді Алладан алыстататын заттардан ақырындап бас тартуымыз керек. Өйткені бізді жаратқан Алла. Әрине, басында іштей қарысылық болды. Неге болмайды дегендей. Бірақ Алланың айтқан сөздерін, дәлелі бар көп хадистерге тек жүрек ашылғанда, дайын болғада көз жетеді екен. Бір жүректе Құран мен музыка өмір сүре алмайды. Бұл – факт”, – дейді Айдан Меденова.

Экс-әнші өміріндегі маңызды шешімнің бірін қабылдар кезде күйеуінің демеу беріп, қолдағанын да айтты.

“Күйеуім орамалға қарсы болмады. Керісінше, қолдау көрсетті. Күйеулері қарсы болып жатқан отбасыларды көріп жүрмін. Ондай әйелдерге Алла көмектессін. Ең жақын адамың түсінбеуі, қолдамауцы өте ауыр сынақ деп ойлаймын. Әйелдер орамалды адамдардың емес, Алланың разылығы үшін ғана киеді. Басқасын мен түсінбеймін”, – деп жазды ол.

Другие новости

Back to top button