Госорганы

Құқық қорғау органдары қадағалауда — Ардақ Назаров Талғардағы жағдай туралы

Мәжіліс депутаты Ардақ Назаровқа тілшілер Талғардағы ахуал ушығып жатқанда медиация қызметтері, арағайындық жасайтын адамдар неге араласып, мәселені шешуге атсалыспайды деген сұрақ қойылды. Депутат сұрақтың мәнін түсінбеді ме, жауабында біршама ауытқып кетті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Журналистер мен депутат арасындағы кулуардағы әңгіме төмендегілһдей өрбіді:

– Медиация қызметіне көңіліңіз тола ма? Осындай жағдайда арағайындық жасап, неге осындай шиеленіске жеткізбей шешпеске?

– Негізі дұрыс емес. Қазір бізге ең маңызды нәрсе елдің ауызбіршілігі ғой. Өзіміз әрең жеткен тәуелсіздігімізді арандату үшін небір құйтырқы әрекеттерге баруға болмайды. Сондықтан арнайы осы медиация жөнінде… Егер дұрыс ақпарат таратпаса, бермесе, халықты дүрліктірсе, бүлік тастайтын болса, онда олар жазалану керек.

– Бұл жерде медиация медиаға байланысты емес, сондай шиеленісті шешуге арналған арағайынды жасайтын қызметтер бар ғой, солар…

– Бұл жерде екеуі де кіреді, ақпарат та, адамдар да кіреді. Әрине адамдар барып, ауызбен айтпайды ғой, ақпаратқа міндетті түрде таратады. Сондықтан оның басында кім тұр, не үшін бұлай жасап жатыр деген сияқтылар зерттеліп, зерделеніп, заңмен жазалауы керек. Ол жазаланған адам көрсетілуі керек. Сол кезде басқаларға сабақ болады. Әйтпесе бұл тәуелсіздік бізге бағалы нәрсе.

– Бұл нәрсені парламентті тыңдалым жасап, арнайы қарау керек деп ойламайсыз ба?

– Иә, елімізде түйілкіл мәселелер, қиындықтар болады, соның бәрі парламентте қозғалады, айтылады.

– Талғардағы жағдайға байланысты полиция өз жұмысын атқара алмай жатыр деп айталады..

– Талғардағы жағдайға қарайтын болсақ, мен өз атымнан тағы да көңіл айтам. Құқық қорғау органдары қадағалауда. Алла бұйыртса, өздері шешімдерін айтады деп ойлаймын.

– Қадағалау жүріп жатыр деп ойлайсыз ба, інісі қайтыс болды, өзін ұстап алып кетті…

– Мен мына жерде толық айтып өттім, жұмыс басталып жатыр…

Бұған дейін Талғарда кісі қолынан қаза тапқан 1 жастағы Шерзаттың әкесі мен әпкесі 15 күнге қамалғаны хабарланған.

Әкімшілік сот шешімімен Шерзаттың әкесі Қаржаубай бұзақылық бабы бойынша 15 тәулікке қамалған. Адвокаттары шешімге шағым түсіретінін айтты. Қаржаубайдың қарындасы Бақыт та 15 күнге жабылған. Оған митинге шақырды деген айып тағылған. Сондай-ақ ол ел азаматы болмауына байланысты Қазақстаннан депортацияланады.

Одан бөлек Қаржаубайдың тағы бір қарындасы Салтанатқа 20 АЕК айыппұл салынды. Жездесі Айғазыға байланысты сот бүгін таңертең өтеді.

Мұндай шешім кеше Қаржаубайдың інісі Нұрқанат Ғайыповтың жерлеуінен кейінгі оқиғаларға байланысты шыққан.

ОҚИҒАЛАР ТІЗБЕГІ

Нұрқанат Ғайыпбаевті қара жерге тапсырғаннан кейін Қаржаубай Нұрымов пен оның туған-туыстары құқық қорғау органдары қызметкерлерінен тағы да әділ тергеуді талап етіп, жолға шығып, наразылықтарын жеткізген.

Оқиға барасында полиция Қаржаубайды “қоғамдық тәртіп пен айналасындағылардың, оның ішінде кәмелетке толмаған балалардың қауіпсіздігіне қауіп төндірді” деп сол жерде ұстап, Еңбекшіқазақ ауданының полиция басқармасына жеткізген.

“Азамат Н., прокурордың заңдылықты сақтау туралы түсіндірмелерін елеместен, өзін өте агрессивті ұстай бастады, айналасындағыларға қауіп төндіріп, суицид жасаймын деп қорқытты. Сондай-ақ, полиция қызметкеріне пышақпен шабуыл жасады. Оның мінез-құлқы өзіне де, айналасындағыларға да қауіп төндірді. Азамат Н. жағдайына алаңдаған туыстары мен адвокаттарының өтініші бойынша оның өмірі мен айналасындағылардың өміріне зиян келтірмеу мақсатында полиция қызметкерлері оны ұстау үшін шаралар қабылдады” деп түсіндірген полиция Қаржаубайдың ұсталуын.

Алайда сол жерде болған белсенді Дінмұхамет Қаматай полиция таратқан ақпаратын жоққа шығарды.

НҰРҚАНАТТЫҢ ҚАЗАСЫ

9 желтоқсан күні Қаржаубайдың інісі Нұрқанат Ғайыпбаев қайтыс болғаны туралы ақпарат шықты. Ресми мәліметке сәйкес, Нұрқанат Ғайыпбаев өзіне қол салған. Полиция марқұм Ш. Болаттың отбасы барлық уақытта қорғауда болғанын атап өтеді.

– Осы уақытқа дейін марқұмның отбасына төнген қандай да бір қауіп-қатер тіркелген жоқ. Күзеткен қызметкерлердің түсіндірмелеріне сәйкес, ер адам күзетілетін объектіден сағат 23:30-да шығып кетіп, жеке автокөлікпен кеткені анықталды. Тергеу мүддесі үшін өзге де ақпарат жариялауға жатпайды, — делінген хабарламада.

ТАЛҒАРДАҒЫ ҚАНДЫ ОҚИҒА

4 қазан күні Алматы облысында жас жігіттер жабылып, 16 жастағы жасөспірім Шерзат Болатты өлтіргені дүйім жұртты дүр сілкіндірген. Бір топ жігіт жасөспірімді тепкілеп жатқанын маңайдағы тұрғындар видеоға түсіріп алған. Бұзақылар ешкімді аямапты. 12 қазанға қараған түні марқұмның отбасының үйі өртеніп кетті. Шерзаттың туыстары өртті күдікті тараптың әрекетімен байланыстырады. Қайғы үстіне қайғыға душар болған Нұрымов әулетінің билікке қояр екі-ақ талабы бар.

Другие новости

Back to top button