Атырауская область

Құлсарыда тасқынмен күрес кезінде өрт сөндіру бөлімінің командирі қаза тапты

Атырау облыстық төтенше жағдайлар департаменті №1 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің командирі азаматтық қорғау сержанты жұмыс кезінде көз жұмған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

 

 

29 мамырда Құлсарыда су сору бойынша жедел құтқару жұмысы кезінде 23 жастағы Рақым Бейбарыс Жалғасбайұлы қаза тапты. Өлімнің мән-жайы анықталып жатыр.

«Төтенше жағдайлар министрлігі Бейбарыс Жалғасбайұлының туған-туыстары мен жақындарына көңіл айтады. Ол өз саласының маманы ретінде жүрегімізде мәңгі сақталады. Марқұм өрт сөндірушінің отбасына қолдау мен қажет көмек беріледі», – деп хабарлады ведомство.

Другие новости

Back to top button