Главное
Құлсарыда мопед мінген 12 жасар бала автобусқа соғылып, көз жұмды

Құлсары қаласында 7 шілде күні кешкісін жол-көлік оқиғасы болып, 12 жасар жасөспірім қаза тапты. Алдын ала мәліметтер бойынша, ПАЗ «Вектор Некст» маркалы жолаушылар автобусы бұрылып жатқан сәтте, жоғары жылдамдықпен келе жатқан мопед оның бүйірінен соққан, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Жасөспірім ауруханада көз жұмды
Қатты соққы салдарынан бала ауыр жарақат алып, дереу аудандық ауруханаға жеткізілді. Алайда дәрігерлердің көмегіне қарамастан, баланы аман алып қалу мүмкін болмады.
Тергеу басталды
Оқиғаның мән-жайын анықтау мақсатында құқық қорғау органдары тергеу жұмысын бастады. Қажетті сараптамалар тағайындалған.
Тергеуде басты назар аударылып отырған мәселелердің бірі – 12 жастағы баланың мопедті қалай тізгіндегені және оған рұқсаттың қалай берілгені.