Культура

«Құдды түс секілді»: Әнші Наркенже Серікбаева марқұм күйеуі туралы әсерлі жазба жариялады

Белігілі әнші Наркенже Серікбаева күйеуінің қазасынан кейін әлеуметтік желіде жазба жариялады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

 

Әнші Наркенже Серікбаева өзінің қазіргі жай-күйімен бөлісті.

“Ассалаумағалейкүм, армысыздар, Қазақ елі! Көптен бері әлеуметтік желіге шықпай кеттім оның бірден-бір себебі: кеше ғана отбасымда қайғылы жағдай болып, менің Құдай қосқан қосағым, тірегім, баламның әкесі мәңгілік сапарға аттанып, қабырғамыз қайысып, басымыздан сынақ өтіп жатқаны бәріңізге белгілі. Қаншама алдымызда арман, мақсаттарымыз бар еді. Қазір енді жалғыз қалып, жапан даланы жалғыз кезген адам іспеттес болып отырмын. Маған оңай болмай жатыр, жалғыздықтың мұңын кешіп, жүрегімнің ауырғаны жаныма батып, кеше ғана жанымда жүрген өмірлік серігім бүгін ортамызда болмағаны өте қатты қажытып жатыр. Әлі сене алар емеспін, құдды бір түс секілді. Иә бұл Алланың ісі, Алланың дегеніне көнеміз. Мұндай жағдайды ешкімнің басына салмасын”, – деп жазды әнші.

Өнер иесі өзіне қолдау білдіріп, демеу көрсетіп жатқан оқырманы мен тыңдарманына алғыс білдірді.

“Сіздердің қолдауларыңызды естідім, көрдім. Жалған өмірдің жарығы ендігі уақытта жақсылықпен жансын деген ниеттемін. Қазағымның әр шаңырағында қаралы хабар емес қуанышты хабардың үні естілсін. Жекеме жазып, мені қолдап, жанашырлық танытып жатқан барша Қазақ еліне көп рақмет, алғысым шексіз. Алла қаласа әлі ақ еңсемді тіктеп сіздердің орталарыңызға ораламын”, – дейді Наркенже Серікбаева.

Бұған дейін Наркенже Серікбаеваның екінші күйеуі өмірден озғаны туралы жазған болатынбыз.

Другие новости

Back to top button