Главное
«Құдағи болып барамын»: Жанар Айжанова Айжұлдыздың тойы қашан өтетінін айтып қойды (ВИДЕО)
Қазақ халқының сүйікті әншісі қызының ұзату тойынан келе сала телеарнаға сұхбат берген

Өткен аптада блогер, актриса Айжұлдыз Адайбекова ерекше стильде ұзату тойын өткізіп, ел назарын аударған еді. Көпшілік жастардың үйлену тойын асыға күтіп жүр, деп жазады Azattyq Rýhy.
Ал күні кеше «1001 түн» бағдарламасына сұхбат берген Жанар Айжанова жастардың тойы 3 мамырға белгіленгенін айтып берді.
Дәлірек айтсақ, Жанар Айжанова Алматыда үлкен концерт өткізгенін, ал, 30 сәуір күні Астанада да сондай спектакль-концерт жоспарлап отырғанын айтты. Жүргізушілер Жанар Айжанова басқа өңірлерге қашан гастроль өткізетінін нақтылады.
«Әрине, Алматы мен Астанада ғана емес, оңтүстік өңірлерді де аралаймыз. Мамырдың 3-і күйеу баламның тойы. Оған енді бармасам болмайды ғой, құдағимын. Сол тойдан кейін, шамамен 10 мамырдан бастап Шымкент, Тараз, Түркістан қалаларына барамыз», — деді Айжанова.