Кызылординская область

Құбыр екіге бөлініп, шатырлар ұшып кетті: Жамбыл және Қызылорда облыстарында бірнеше күн қатты дауыл болды

Қызылорда және Жамбыл облыстарында қатты дауылдың кесірінен тұрғындар газсыз, жарықсыз қалып, кейбірі шығынға ұшырады деп хабарлайды  КТК арнасы.

 

Енді шығын есептеліп, дауылдың салдарын жою шаралары қарастырылуда. Қатты жел ғимараттардың шатырларын ұшырып, ағаштарды құлатты.

Секундына 30 метрге дейін екпіні бар дауыл елдің оңтүстігінде бірнеше күн бойы өршіп тұрған. Қызылорда облысында ЖЭО-да 40 метрлік металл құбыр бүгілген. Ал Жамбыл облысында билік тіпті жергілікті ауқымдағы ТЖ жариялауға мәжбүр болды.

Жамбыл облысының екі ауданындағы 15-ке жуық елді мекен жарық пен газсыз қалды. Дауыл ағаштарды құлатып, жоғары вольтты сымдарды жұлып алып, үш мектеп пен балабақшаның шатырларын алып кетті. Шенеуніктер төтенше жағдай жариялап, залалды қалпына келтіру үшін шамамен 100 миллион теңге қажет болатынын анықтады.

Қызылорда облысында әлі де есептеулер жүргізілуде. Тұрғындар дауылдың салдарынан бірнеше күн бойы көшеге шыға алмай, тыныстары тарылғанын атап өтті. Өңірде 24 нысанның, соның ішінде мектептер, мәдениет үйлері мен мешіттің шатыры бұзылды. Ал аудандық ЖЭО-да бірнеше тонналық түтін құбыры екіге бүгілген.

«Құлаған құбырдың ұзындығы 40 метр, диаметрі 1,8 метр, 98 бюджеттік және басқа да ұйымдар, 277 жеке және көппәтерлі тұрғын үйлер жылытусыз қалды. Қазіргі уақытта монтаждау және қалпына келтіру жұмыстары жүргізілді, абоненттер жылуға қосылды», – деді «Қызылорда жылу электр орталығы» МКК директоры Медет Усаин.

Другие новости

Back to top button