Выбор редакции

Қуат Әбілқайыр: Украина — граниттің отаны

Украина — граниттің отаны. Бұл тақырыпты ФБ-да ешкім қозғамады, жазбады. Маманы ретінде мен айтайын ал.
Соғыс басталғанда “эх, жерден бұрын, гранитке қызықты-ау осылар” деп едім. Мен гранит, травентин, мрамор, оних, керамика деген түрлерін бес саусағымдай білемін. Олардың өзі сан бөлікке тармақталады. Неге Беларус жағындағы Житомирден басып кірмеді? Білесіздер ма? Себебі, Житомирдің жер асты гранитінде бетінде дақтар бар. Көп өте бермейді нарыққа. Ал Луганск пен Донецкті неге сонша жаулады? Нағыз құнды қара, айнадай гранит сол жерден шығады. Атын айтпаймын:) Себебі, бізде ол тастың 100х50х6 размері 300 000 тұрса, Америкада 3 млн, Карл! Себебі, оған сурет салсаң да, құрылыс материалы ретінде қолдансаң да өліп түседі. Біз бұрын оны соғыс алдында емін-еркін заказ беріп, фурамен алдырушы едік.
Сол сататын жігіттер де қазір хабарсыз кетті, майданда шейітке айналды-ау деп ойлаймын кейде. Украинаның батысында “Бука” сортының карьерасы бар. Түсі қара-қоңыр. Қазір АҚШ-тың да жер минералы деп қақылдап отырғаны сол сияқты.
Ресей маңдай алды 2 граниті, 1 мраморымен мақтанады. Карельский — ақшыл дақты қара гранит. Дымовский — қоңыр айпапес гранит. Челябинсктен шығатын — Коелга мраморы.
Бірақ, бұлар Луганск пен Донецктегі мен айтқан граниттің тырнағына да татымайды. Ресей сол екі облысты алып алды, енді қарқ болатын болды. Бізге сатып, одан сайын экономикасы байығанның үстіне байып, миллярдтардың астында қалады, бұйыртса.
Жалпы қара граниттен Европада Украина номер бірінші, Азия бойынша Индия қазір қара граниттен көш бастайды. Бірақ, Украинның граниттері ғасырлар бойы аты шыққан бренд есебінде саналады сол саланың бел ортасында жүрген біз сияқтылар үшін. Ой, қысқасы, үлкен әңгіме бұның бәрі.
Ашып жазғым келеді, ерініп отырмын:)
Қуат Әбілқайырдың желідегі жазбасы

Другие новости

Back to top button