Нур-Султан

Қуандық Бишімбаев түрмеде жатып, тағы да сотқа арыз түсірді

Атышулы экс-министр Қуандық Бишімбаев түрмеде жатып, тағы да сотқа арыз берді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Бишімбаевтың арыз беруіне түрме әкімшілігі тарапынан ешқандай көтермелеу шаралары жасалмай жатқаны себеп болған.

«Қолданыстағы заңнамаға сәйкес, сотталғандарға тәртіп бұзу болған жағдайда көтермелеу шаралары берілмейді. Сотталушының бір рет заң бұзғаны ескеріліп, оған көтермелеу шарасы қолданылмаған. Сот сотталушының талап арызын қанағаттандырған жоқ», — делінген Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті хабарламасында.

Айта кетейік, Қуандық Бишімбаев азаматтық некедегі жұбайы Салтанат Нүкенованы ұрып өлтіріп, 24 жылға сотталған болатын.

Другие новости

Back to top button