
Бұрынғы әскери қызметшіге қатысты қылмыстық істің қозғалуы бойынша ҚР Қорғаныс министрлігі ресми мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
«Қазіргі уақытта құқық қорғау органдарымен тергеу жұмыстары жүргізілуде. ҚР Қылмыстық-процессуалдық кодексінің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат тергеу мүддесі үшін жария етуге жатпайды. Айта кету керек, күдікті бұған дейін теріс қылықтары үшін ҚР Қарулы күштерінің қатарынан шығарылды», — делінген министрлік хабарламасында.