Госорганы

ҚР ІІМ: Блок-бекеттерде 1290 көлік жиналып қалды

Авариялық-құтқару жұмыстарына мыңнан астам техника жұмылдырылған

4 қаңтарда ауа райының қолайсыздығына байланысты 65 жол учаскесі уақытша жабылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Оның ішінде 35 республикалық (Астана, ШҚО, Алматы — 2, Абай -5, Ақмола-3, Қостанай, Ұлытау, Жамбыл — 1, Жетісу -4, Қарағанды -9, Павлодар -5) және 30 облыстық маңызы бар (Абай -8, Ақмола-9, ШҚО — 4, Жамбыл-2, Жетісу және Түркістан — 5, Павлодар-11)

Жолдарда төтенше жағдайларды жою жөніндегі республикалық штаб құрылды. Осыған ұқсас штабтар Абай, Жетісу, Ақмола, Қарағанды, Жамбыл және Павлодар облыстарында жұмыс істейді.

«Блок-бекеттерде 1290 көлік жиналды. Тәулігіне құтқару бөлімшелерімен, полицейлермен 725 адам құтқарылып, эвакуацияланды, оның ішінде 137 бала бар. 124 бірлік техника қар құрсауынан шығарылды. Эвакуациялау үшін 769 уақытша жылыту пункті дайындалды, 200 техника дайындықта тұр. Уақытша жылыту пункттерінде 202 адам бар, 16-сы бала», — деп көрсетті министрліктің баспасөз қызметі.

Авариялық-құтқару жұмыстарына 4163 адам және 1343 техника жұмылдырылды.

Другие новости

Back to top button