АқшаГлавное

Қосымша құн салығы өссе, қалтаңда ақшаң көп қалады – Серік Жұманғарин

Бүгін үкіметтің кеңейтілген отырысынан кейін журналистердің сұрағына жауап берген вице-премьер, ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин қосымша құн салығы өссе, қымбатшылық болмай ма деген сұраққа жауап берді. Оның айтуынша, осы реформаның арқасында азаматтардың қалтасындағы ақша көбейеді,  деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Жалпы, Жұманғарин қосымша құн салығы көбейген жағдайда қазақстандықтардың күнде тұтынатын тауарлары 4-6 пайызға қымбаттауы мүмкін деген болжамын айтты. Инфляция қысқа мерзімде өсіп барып, артынан өз пайдасын тигізеді дейді ол.

«Реформаның екі жағы бар ғой. Бір жағынан қосымша құн салығын көбейтейік деп жатырмыз. Екінші жағынан, жалақы қорына түсетін салмақ азаяды. Ол ертең айлық өсуіне әкеледі. Қалтаңда қазіргіден де көп ақша қалады деген сөз. Жалақы өседі. Әрбір жанұяның, әрбір адамның дамуына әсер етеді», — деді Жұманғарин.

Айта кетейік, үкімет ақпан айының соңына таман қосымша құн салығын нақты неше пайызға өсіргісі келетінін жария етпек.

Другие новости

Back to top button