Костанайская область
Қостанайдағы жарылыс: оқиға орнынан бір адамның денесі табылды
Сондай-ақ үйінді астынан екі адам құтқарылды
Қостанайда жарылыс болған ғимараттан бір адамның денесі табылды. Сондай-ақ екі адам құтқарылды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Облыстық ТЖД мәліметінше, қазіргі сәтте іздеу-құтқару жұмыстары жалғасып жатыр.
«Іздестіру-құтқару жұмыстары кезінде үйінді астынан екі адам шығарылды. Сондай-ақ ер адамның денесі табылды. Оның жеке басы анықталуда. Іздеу жалғасып жатыр», — делінген хабарламада.
Бұған дейін қала іргесіндегі ғимараттардың бірінде жарылыс болып, 7 адам үйінді астында қалғанын жазған болатынбыз. Қайғылы оқиға 11 желтоқсанда сағат 12:39-да Қостанайдың Амангелді ауылында болған. Жүк көліктерін жөндеуге арналған бір қабатты ғимаратта газ-ауа қоспасы жарылған.
Іздестіру-құтқару жұмыстарына Қостанай облысы ТЖД мен жергілікті атқарушы органдардың күштері жұмылдырылды.
12 адам алғашқы медициналық көмекке жүгінген.