Костанайская область

Қостанайда шырша мен мұз қалашығына 40 млн теңге жұмсалады

Биыл облыстың бас шыршасының шамы 18 желтоқсанда жағылады

Қостанайда шырша мен мұз қалашығына 40 млн теңге жұмсалады. Қала әкімдігі жаңа жыл мерекесіне осы бастан қызу дайындыққа кірісті, деп хабарлайды  Экспресс К .

Облыс әкімдігі ғимаратының алдына құрылатын шыршаға, «2023» пішініндегі шағын архитектураға және бірқатар нысанды түрлі-түсті шам-шырақтармен безендіруге бюджеттен 20,7 млн теңге бөліп отыр. Сондай-ақ мұз қалашығы мен мүсіндерге 16,8 млн теңге шығындалады.

«Биыл облыстың бас шыршасының шамы 18 желтоқсанда жағылады. Тағы екі мерекелік шырша КСК және Әуежай шағын аудандарында орнатылады. Кәсіпкерлер арасында нысандарды безендіруден байқау басталды», — деді қала әкімінің орынбасары Бақыт Қашырбеков.

Сонымен қатар, қалалық жағажай маңында демалыс орны құрылмақ. Онда сырғанақ, шаңғы жолы салынып, тамақтану орны ашылады. Қазір ТКШ бөлімінің басшылығы демалыс орындарына автобус тасымалын ұйымдастыру мәселесін пысықтап жатыр.

Қала әкімі қауіпсіздік шараларына ерекше көңіл бөліп, полицейлер кезекшілігін бекітіп, адамдарға жылынуға арналған вагондар орнатуды да тапсырған екен. Бірақ аппарат жиынында Тәуелсіздік күнін атап

Другие новости

Back to top button