Костанайская область

Қостанайда құбыр ауыстыру кезінде адам сүйектері табылды

 Қостанай қаласында коммуналдық желілерді жөндеп жатқан қызметкерлер адам сүйектерін тауып алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Қостанай жаңалықтары» басылымына сілтеме жасап.

Қостанай облыстық Полиция департаментінің мәліментінше, 4 шілде күні, сағат 14:30-да полицияға Қостанай жылуэнергетика компаниясының жұмысшыларынан ақпарат түскен. Олар Мәуленов — Досжанов көшесінің қиылысында құбырларды ауыстыру кезінде адам қаңқаларын тапқан.

photo

Осы факті бойынша қажет тергеу амалдары басталды. Талдау жасалып, соның нәтижесі бойынша процессуалдық шешім қабылданады.

Другие новости

Back to top button