Костанайская область

Қостанайда жасөспірімдер қараусыз ғимарат ішінен шыға алмай қалған

Жасөспірімдердің ата-анасы полицейлерге алғыс білдірді

Қостанайлық полицейлер жасөспірімдерге қараусыз қалған ғимараттан шығуға көмектесті, деп хабарлайды Polisia.kz.

Ескі 9 қабатты үйде балалардың жүргендігі туралы хабарлама Арқалық қаласының тұрғындарынан келіп түсті. Полиция қызметкерлері дереу оқиға орнына жетіп, жасөспірімдерге қараусыз қалған ғимараттан шығуға көмектесті.

«Кәмелетке толмаған үш бала қала шетіндегі көпқабатты үйде ойнап жүргенде біреуі кетіп қалып, ал 14 және 15 жастағы жасөспірімдер сол жерде қалады. Олар үш сағат бойы ғимараттан шығуға тырысып, шатырға көтерілген. Осы уақытта оларды өтіп бара жатқан тұрғындар байқап, кезекші бөлімге қоңырау шалды. Біздің қызметкерлер аталған орынға келгенде, олар ғимараттың ішінде адасып жүрген. Қараусыз қалған үйдегі іздеу нәтижесінде олар жоғарғы қабаттан табылды, ол жер қауіпті еді», – деп хабарлады Арқалық қалалық ПБ бастығы Нұрбол Саден.

Полицейлерге балаларды қараусыз ғимараттан табу үшін бір сағатқа жуық уақыт қажет болды.

Жасөспірімдердің ата-анасы көрсетілген көмек үшін алғыс білдірді.

 

Другие новости

Back to top button