Костанайская область

Қостанайда ғашығымен жанжалдасып қалған жігіт көпірден секірмек болды

Полицейлер жас жігіттің өмірін құтқарып қалды

Қостанайда полицейлер көпірден секірмек болған жас жігітті құтқарып қалды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Облыстық полиция департаменті хабарлағандай, «102» нөміріне Тобыл өзеніндегі үлкен көпірдің қоршауында жас жігіт тұр деген хабар түскен.

«Кешкі сағат 20.00 шамасында оқиға орнына полиция аға лейтенанты Жаслан Төлегенов пен оның серіктесі аға лейтенант Бауыржан Қарасартов бар автопатруль келіп, көпірден секірмек болған жігітті құтқарып қалды. Оны қоршаудан қауіпсіз жерге шығарғанда, жігіт жүріп жүрген қызымен жанжалдасып қалғандықтан, осындай шешім қабылдағанын түсіндірді», — делінген ПД хабарламасында.

Жас жігітті құтқарып қалғандар – полиция бөлімшесінде төрт жылдан аз уақыт көлемінде жұмыс істеп келе жатқан жас қызметкерлер. Төтенше жағдайларда әрекет ету дағдыларының болуының арқасында полицейлер адам өмірін құтқарып қалды.

Другие новости

Back to top button