Костанайская область
Қостанайда ата-анасына бара жатқан жігіт киімдерін бір-бірден лақтырып, ақыры тыржалаңаш қалды (ВИДЕО)

Қостанайда тұратын 19 жастағы жігіт түн ішінде көшеде жүргенде өз-өзінен шешіне бастаған. Оның видеосы әлеуметтік желіде таралып, полиция жігіттің үстінен қылмыстық іс қозғаған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Қостанай облыстық сотының баспасөз қызметі хабарлағандай, азаматқа қатысты «Ұсақ бұзақылық» бабы бойынша іс қозғалды.
«Іс материалдарына қарасақ, 2025 жылы 8 ақпан күні шамамен түнгі сағат 00.00 кезінде Г.есімді азамат қоғамдық орында тыржалаңаш жүрді. Сот отырысына келген Г. кінәсін мойындап, өкінген. Оның айтуынша, сол күні ол ата-анасының үйіне бара жатқан. Ішімдік ішпесе де ол жолда өзінен өзі шешіне бастаған. Ол бұл қылығының себебін түсіндіре алмаған, өйткені, ойында ештеме жоқ», — деп хабарлады облыстық соттың баспасөз қызметі.
Сот оны кінәлі деп тауып, 78 640 теңге көлемінде айыппұл салған. Сот үкімі әзірге заңды күшіне енген жоқ.