Қостанай қаласында жылу құбырының 63 пайызы ескірген
Биыл жөндеу жұмыстарына 130 миллион теңге бөлініп отыр
Қостанай қаласы бойынша жылу құбырының 63 пайызы, яғни жартысынан астамы әбден ескірген, деп хабарлайды Хабар 24 арнасын.
Биыл жөндеу жұмыстарына 130 миллион теңге бөлінген екен. Бұл қаржыға тек бір көшенің бойындағы құбыр жаңартылды. Қалғаны жөнделеді. Жалпы тозып тұрған дүниенің күніге бір жері сыр береді. Соңғы екі күнде қаладағы 43 көп қабатты үй ыстық сусыз қалды. Ал мамандар бұл ақауларды жылу бер маусымына дейін жөндеп боламыз деп отыр.
«Қысыммен тексеру барысында қалалық магистралды желі бойында 9 ірі жарылыс болды. Оның бәрі бүгінде қалпына келтірілді. Ал енді магистральді желіден үйлерге тармақталып кететін құбырлардың тесіліп, жарылуы үйреншікті құбылыс. Жақын күндері олардың бәрін дұрыстап, тұрғын үйлерге ыстық су бере бастаймыз», — дейді Қостанай жылу энергетикалық компаниясы директорының орынбасары Валерий Солодов.