Выбор редакцииКостанайская область
Қостанай облысында жүргізуші көлік ішінде жанып кетт
Қостанай облысы ІІД баспасөз қызметінің мәліметінше, Toyota Camry-дің жүргізушісі тізгінге ие бола алмай, қарсы жолаққа шығып кетіп, жүк көлігімен соқтығысқан.
Апат салдарынан жеңіл көлік сол сәтте қызыл жалынға оранған. Соның салдарынан жүргізуші оқиға орнында көз жұмды.
Дәл қазіргі таңда аталған факті бойынша полицейлер ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабына сәйкес сотқа дейінгі тергеуді бастады. Бұл жайында жергілікті басылым хабарлады.