Қостанай облысында балалар отырған шағын автобус өртеніп кетті
60-тан астам оқушы олимпиадаға қатысуға бара жатқан
Қостанай облысында олимпиадаға бара жатқан оқушылар ен мұғалімдер отырған шағын автобустан өрт шығып, артынша түгел өртеніп кетті. Абырой болғанда, көлік салонында отырғандар дерк езінде шығып үлгерген, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Облыстық ТЖД мәліметінше, оқиға Мирное ауылынан 15 км қашықтықта, Арқалық – Торғай облыстық маңызы бар тасжолында болған.
«Бүгін сағат 09:09-да «Газ 322131-288» маркалы автокөліктің өртенгені туралы хабарлама келіп түсті. Көліктер «IQanat» олимпиадасына қатысуға бара жатқан 66 оқушы, 3 ерікті, 6 оқытушы, 1 медицина қызметкері және 1 инспекторды алып бара жатқан. Жолға барлығы 3 «Газель» және 1 ПАЗ маркалы көлігі қатар шыққан.
Жүргізуші мен оқытушылардың үйлесімді және дұрыс әрекеттерінің арқасында 12 оқушы, 1 жүргізуші, 1 оқытушы жанып жатқан «Газельден» дерек сыртқа шығарылды және қалған 3 көлікке отырғызылды», — делінген хабарламада.
Оқиғадан балалардың өмірі мен денсаулығына еш қауіп төнбеген.
«Өрт сағат 10.25-те жойылды. Өрттің себебі – автомобильдің электр сымдарының қысқа тұйықталуы. Оқиға орнына Қостанай облысы ТЖД жеке құрамның 7 адамы мен 2 бірлік техникадан тұратын күштері мен құралдары шықты», — делінген ТЖД хабарламасында.
Қостанай облысының ТЖД өкілдері автокөлік иелеріне н өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауды ескертеді.