Костанайская область

Қостанай облысында әйел мен екі бала көмірқышқыл газынан уланып, қайтыс болды

Қостанай облысының Федоровский ауданында әйел мен екі бала көмірқышқыл газынан уланып, қайтыс болды. Бұл жөнінде Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Қайғылы оқиға бір күн бұрын Лесное ауылында болған. Отбасы жеке тұрғын үйде тұрған. Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, өлім мен жарақаттың алдын ала себебі: пештің сыланбаған жарықтары мен сыртындағы шойын тақтайшаның жарылуы салдарынан көмірқышқыл газы сыртқа тараған.


“Қатты отынмен жұмыс істейтін пешті жағу кезінде 1975 жылы туған үй иесі көмірқышқыл газына уланып, аудандық ауруханаға жатқызылды. 1984 жылы туған үй иесі мен 2013 жылы және 2008 жылы туған балалары оқиға орнында көз жұмды. Оқиға орнына Қостанай облысы төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері барды”, – делінген департамент ұсынған ақпаратта.

Басқарма өз кезегінде ылу беру маусымында қауіпсіздік ережелерін сақтау керектігін еске салады. Жалпы, Федоров ауданында тұрғын үй секторында профилактикалық іс-шараларды жүргізу барысында құтқарушылар үш заң бұзушылықты анықтаған.

Другие новости

Back to top button