Костанайская область

Қостанай облсында өрттен зардап шеккендерге жаңа үй 2 ай ішінде салынбақ

Үйлер мемлекет есебінен салынып жатыр

Қостанай облсының Әулиекөл ауданындағы өрттен зақымданған инфрақұрылымдарды қалпына келтіру, сондай-ақ ауданда жаңа нысандар орнату мәселелеріне арналған көшпелі кеңес өтті, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.  

«Әулиекөл ауданын қалпына келтіру жұмыстпрына біздің облыстың барлық өңірлері тартылды. Олар аудан аумағын ретке келтіреді, оның ішінде жаңадан саябақтар мен қоғамдық орындар салады, шағын сәулет нысандарын орнатады, сондай-ақ ауданды санитарлық тазартуға көмектеседі», — деп атап өтті облыс әкімі Архимед Мұхамбетов.

Сондай-ақ өңір басшысы тұрғын үйлер құрылысының барысын тексерді.

«Бүгінгі таңда нысандарды салу бойынша құрылыс жұмыстары басталды. Естеріңізге сала кетейік, жаңа үйлер 2-2,5 ай ішінде бой көтереді. Үйлердің жалпы саны — 91. Олар мемлекет есебінен салынып жатыр», — деді өңір басшысы.

 

Другие новости

Back to top button