Госорганы

Қоқысты өңдеу жобаларына 38 млрд теңге бөлінеді — Нысанбаев

7 жобаны іске асыру қарастырылған

Үкіметте өткен баспасөз мәслихатында Экология министрі Ерлан Нысанбаев жылда елімізде қоқыстың көп жиналатынын, алайда оны өңдейтін зауыттың жоғын айтты, деп хабарлайды деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

“Біз бұл мәселемен жүйелі түрде айналысамыз. Себебі, елімізде 4,5 млн тонна қоқыс жиналады, өкінішке қарай соның 25-27 пайызы ғана қайта өңделеді. Министрлік бүгінгі таңда өңірлермен келісе отырып, 20-дан астам жоба қарастырды. Оның ішінде іске асыру үшін 7 жобаны нақты белгілеп қойдық”, — деді Ерлан Нысанбаев.

Оның айтуынша, жобалардың құны — 38 млрд теңге. Сондай-ақ министр құрылыс қалдықтарын жинап, оны өңдеу мәселесін жергілікті әкімдіктермен шешетінін атап өтті.

Другие новости

Back to top button