Госорганы

Қоқыс өңдеу бизнесі: Үкімет 3%-дық қаржыландыру тетігін бекітті

Тұрмыстық қалдықтарды өңдеумен айналысатын кәсіпкерлер үшін алдағы үш жылда 200 млрд теңге бөлінеді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

4,1 млн тонна қоқыс жиналған

Үкімет отырысында экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Ныснабаев әкімдіктердің мәліметін келтірді. Оның айтуынша, былтыр елде 4,1 млн тоннаға жуық коммуналдық қалдықтар түзілген: оның 1 млн тоннасы (24%) сұрыпталып, қайта өңделген (2022 жылы 4,3 млн. тоннаға жуық тұрмыстық қатты қалдық түзілді, оның 25% қайта өңделді), қалғаны полигондарда көмілген.

«Қоқысты шығару қызметімен, негізінен, еліміздің 80 пайызға жуық халқы тұратын қалалар мен ірі елді мекендер қамтамасыз етілген. 39 ірі елді мекен бойынша ғана ғарыштық мониторингтің өзі былтырғы жылы 5 533 рұқсатсыз қоқыс үйіндісін анықтады, бұл қалдықтардың нақты көлемі есепке алынатын көлемінен әлдеқайда жоғары екенін көрсетеді. Коммуналдық қалдықтардың морфологиялық құрамы шамамен 70% пайдалы фракциялардан тұрады, атап айтқанда 16% пластик (656 мың тонна), 11% макулатура (451 мың тонна),9% шыны (369 мың тонна), 37% органикалық қалдықтар, 27% тағы басқалары.  Бұл көрсеткіштің өңірлерге байланысты  айырмашылығы болуы мүмкін», — дейді Нысанбаев.

200 млрд теңге бөлінеді

Министрдің сөзінше, тұрмыстық қатты қалдықтарды қайта өңдеп, дайын өнім алуды дамыту сапалы қайталама шикізатты талап етеді. Ол үшін қайта өңдеуге дейінгі барлық технологиялық операцияларды, яғни жинау, тасымалдау және сұрыптауды ретке келтіру қажет.

«Үкімет қалдықтарды басқару саласындағы жобаларды қаржыландырудың жеңілдетілген тетігін бекітті, ол – қоқыс таситын көліктерді сатып алуға, сұрыптау желілерін және қайта өңдеу қуаттарын салуға бағытталған. Қаржыландыру Өнеркәсіпті дамыту қоры арқылы 3 жылдан 15 жылға дейінгі қарыз беру мерзімін және 3%-дық сыйақы мөлшерлемесін қарастырады”, – дейді Нысанбаев.

Бөлінетін қаражаттың жалпымөлшері 3 жылға шамамен 200 млрд.теңгені құрайды

Другие новости

Back to top button