Акмолинская область
«Қолы шынтақтан төмен кесілген»: 21 жастағы ақмолалық өндірісте ауыр жарақат алды
Қазіргі уақытта мемлекеттік еңбек инспекторы тексеру жүргізіп жатыр
Ақмола облысында 21 жастағы жігіт өндірісте ауыр жарақат алды, деп хабарлайды Azattyq ruhy облыстық Полиция департаментіне сілтеме жасап.
«Осы жылдың 7 қаңтарында Целиноград АПБ кезекші бөліміне Астана қаласы жедел басқару орталығының кезекшісінен хирургия бөлімшесіне «оң жақ қолдың шынтақтан төменге дейін ампутациясы» диагнозымен пациент ауруханаға жатқызылғаны туралы телефон арқылы хабарлама келіп түсті.
Зардап шеккен 21 жастағы жас жігіт Целиноград ауданындағы зауыттардың бірінің жұмысшысы болып табылатыны және жұмыс орнында жарақат алғаны анықталды», — делінген хабарламада.
Осы факті бойынша полиция бөлімі ҚР ҚК 156-бабының 2-бөлігі «еңбекті қорғау ережелерін бұзу» бойынша сотқа дейінгі іс жүргізуді бастады.
Қазіргі уақытта мемлекеттік еңбек инспекторы тексеру жүргізуде, сот-медициналық сараптама тағайындалды.