Выбор редакцииМангистауская область

«Қолы жұлынып қалды». Ақтауда пәтерде жарылыс болды

Жарылыс кезінде қолынан айырылған ер адам қалалық аурухананың жансақтау бөлімінде жатыр, деп хабарлайды Экспресс К.

 

Lada.kz сайтының мәліметінше, 27-шағын аудандағы №46 үй тұрғындары түскі уақытта пәтерлердің бірінен гүрсіл естіген. Қатты жарылыстан терезелер ұшып кеткен.

Куәгерлерінің айтуынша, оқиға салдарынан жарылыс болған пәтерде тұратын ер адам зардап шегіп, қолынан айырылған.

Маңғыстау облыстық көпсалалы ауруханасының баспасөз қызметі ауруханаға 1988 жылы туған ер адамның жеткізілгенін растап, науқастың жансақтау бөлімінде жатқанын мәлімдеді.

Үй тұрғындары зардап шеккен ер адамның әскери қызметкер екенін, пәтерде отбасымен тұратынын айтты.

Другие новости

Back to top button