Культура

«Қоғамды ірітушілер көбейе бастады»: Димаштың әкесі уағызшылар жайлы

Ол кім көрінгеннің дәстүр мен тілімізді аяқасты етіп жатқанын жеткізді

Әнші Қанат Айтбаев Facebook-тегі парақшасында әлеуметтік желіде кім көрінгеннің уағыз айтып, қоғамды ірітушілер көбейгенін жеткізді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

«Әлеуметтік желі арқылы кім көрінгеннің уағыз айтып, санаға селкеу түсіруіне тыйым салатын заң қабылдамаса болмайтындай жағдайға жеттік-ау, сірә? Ойына келгенін айтып, ұлттық болмысымызды — дәстүрімізді, тілімізді, өнерімізді аяқ асты етіп, қоғамды ірітушілер көбейе бастады», — деп жазды ол.

Оның жазбасына пікір қалдырушылар оның ұсынысын қолдайтынын жеткізген.

«Заң керек! Шариғат бойынша пара беруге болады деп бір соқты, енді шеше деген қадірлі атқа тиісіп жатыр. Алда әлі не дейді, мұндай ауыздарға қақпақ керек! «Домбыра – харам» деп те айтты. Оларды заң бойынша тыю керек», — деп жазды жұртшылық.

Другие новости

Back to top button