Госорганы

Qnet LTD пирамидасын ұйымдастырған әйел елден жинаған ₸36,5 млн-ды қайтарған соң іс жабылды

Қостанайда «Qnet LTD» құрылымдық бөлімшесінің басшысына қатысты қаржы пирамидасын құру және басқару фактісі бойынша қылмыстық іс аяқталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

 

Қаржы мониторингі агенттігінің аумақтық департаменті қызметкерлері анықтағандай, күдікті азаматтарды «Qnet LTD» қаржы пирамидасына тарту үшін Қостанайда кеңсе ашып, жеңіл табыс табуды белсенді түрде жарнамалаған.

30-дан астам адам қылмыстық әрекеттің құрбаны болды.

Күдіктінің қылмыстық ісін тергеп-тексеру барысында жәбірленушілерге 36,5 миллион теңгеден астам шығын толық көлемде өтелді.

Осыған байланысты тараптардың татуласуына байланысты тергеу тоқтатылды.

Другие новости

Back to top button