Социум

«ҚМДБ үшін салық салынбайтын бизнес»: Бұрынғы имам Қазақстанда шариғат бойынша неке қиюға тыйым салуды ұсынды

«Демос» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Тұрарбек Құсайынов Қазақстанда шариғат бойынша неке қиюға тыйым салуды ұсынып отыр. Себебі ол зайырлы заңнамаға қайшы келеді дейді. Ал мемлекеттік тіркеу туралы ресми куәліксіз мешітте нике қиған имамдар 15 тәулікке қамауға алынуы керек, деп есептейді ол. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Time басылымына сілтеме жасап хабарлайды. 

 

Құсайынов, күйеуі Қуандық Бишімбаевтың қолынан қаза тапқан Салтанат Нүкенованың өліміне қатысты деректерді тергеу барысында олардың некелері ресми түрде тіркелмегені анықталғанын, екеуінің неке қию рәсімі республикалық бас мешітте өткенін мысалға келтірді.

«Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Кодекстің 2-бабының 3-тармағында: тек мемлекеттік органдар қиған неке ресми деп танылғанын еске сала кеткен жөн. Ал неке қию рәсіміне дейін мешіт қызметкерлері, болашақ ерлі-зайыптылардан неке қиюды мемлекеттік тіркеу туралы куәлікті талап етуі керек”, – деді ол.

Сондай-ақ ол Бишімбаев пен Нүкенованың некесін қиып, ережені бұзған елорда мешітінің имамы Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы (ҚМДБ) тарапынан тәртіптік жауапкершілікке тартылғанын хабарлады. Бірақ тек, бұл тақырыптың тағы бір маңызды нюансы бар дейді ол.

“Өйткені, мешіттерде неке қиюды діни тіркеудің бірыңғай базасы жоқ. Имамдар тек дәптерлеріне есеп жүргізеді. Сондықтан «шариғат» бойынша Қазақстанда қанша неке қиылатыны туралы нақты статистика жоқ. Алайда Бишімбаев соты барысында жүргізілген тергеу нәтижесінде кейбір статистикалар пайда болды. Бишімбаев пен Нүкенова шариғат бойынша неке қиған Астана қаласындағы имам Қанат Қыдырмин жетекшілік ететін республикалық бас мешітте 2023 жылдың соңғы төрт айында 5 мың «діни неке» қиылған. Бұл тек бір мешіттегі дерек”, – деді Тұрарбек Құсайынов.

Қазақстанда шариғат бойынша қанша неке қиылғаны бір Аллаға ғана аян.

«Имам Қыдырмин бекіткен шариғат бойынша неке ауыр қылмыс пен ауыр қайғыға ұласқанына қарамастан, ҚМДБ-ның Бас мүфтиі Наурызбай Тағанұлы Қыдырминге қатаң жаза қолданбаған. Бұл факт Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы басшылығының табыс көзі болып табылатын шариғат некелерін бекіту тәжірибесінен бас тартқысы келмейтінін көрсетеді. Олар үшін бұл тіпті салық салынбайтын бизнес! Бишімбаевқа қатысты сот отырысында халық арасында «Салтанат заңы» деп аталып кеткен тұрмыстық зорлық-зомбылық үшін жазаны қатайтатын акт қабылданғанын білесіздер. Дегенмен, әйелдер мен балалардың құқықтарын қорғауды одан әрі күшейту қажет”, – дейді Құсайынов.

Фото: time.kz

Ол мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың сөзін еске түсірді: «Елімізде қыз алып қашуды ұлттық дәстүр санап, ел ішінде дәріптегісі келетіндер бар. Бұл – мүлдем ақтауға болмайтын заңсыздық, қараңғылық, тіпті, масқара тірлік. Өркениетті қоғамда әр азаматтың абыройы, құқығы және бостандығы баға жетпес құндылық болуы керек. Сондықтан мұндай ақылға сыймайтын әрекеттерді қатаң сынға алу жеткіліксіз. Оған құқықтық баға беріліп, біржола тосқауыл қойылуға тиіс».

Құсайыновтың айтуынша, бұл дін қайраткерлерінің шариғат некелерін насихаттауына тосқауыл қоюдың қаншалықты маңызды екенін көрсетеді. Ол ҚМДБ имамдарының шариғат бойынша неке қиюын тоқтату керегін айтты.

Оған Құран аудармашысы, публицист Серік Рысжанов қолдау білдірді. Кез келген мұсылман үшін шариғат нормалары оның өмірін реттейтін заң ретінде қарастырылатынын, бірақ бұл нормалар бірнеше мың жыл бұрын “Азаматтық хал актілері жазбалары”, “азаматтық хал актілерін тіркеу” және халыққа қызмет көрсету орталықтары пайда болмаған кезде бекітілгенін еске салды.

“Діни бірлестіктер” туралы заңда діни бірлестіктер мемлекеттік органдарды алмастыра алмайтыны анық жазылған. Алайда, мүфтият мемлекеттік органдар арқылы неке қию шариғатқа сай емес, жеткіліксіз деп мәлімдейді. Демек, мүфтият мемлекеттік заңға тікелей қарсы!” – деді Рысжанов.

Айтпақшы, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы жарғысының өзінде (құжат Әділет министрлігінде 2021 жылы 17 ақпанда тіркелген) шариғат бойынша некені бекіту (қию) туралы ештеңе айтылмаған, яғни, имамдардың неке қиюға құқығы жоқ болып шықты.

“Жарғыда Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы еліміздегі отбасылық қатынастарды реттейтін заңнаманы басшылыққа алатыны және елде бар отбасылық құндылықтарды мойындайтыны көрсетілген. Алайда бұған қарамастан ҚМДБ имамдары азаматтардың арасында шариғат некелерін бекітумен заңсыз айналысып жатыр. Олар туралы бірыңғай есеп пен статистика болмағандықтан, бір адам сансыз әйелдермен некеде тұра алады. мұндай некелер көп әйел алу мен жерсіндіру үрдісін жеделдетіп, отбасылық құндылықтарға нұқсан келтіріп, әйелдер мен балалардың құқықтарын өрескел бұзады», – деді Рысжанов.

Құсайыновтың айтуынша, шариғат бойынша неке қию оңай әрі тез.

ҚМДБ белсенді түрде насихаттайтын «шариғат заңдары» бойынша, ер адам әйелі мен баласын тастап кетуі үшін «талақ» сөзін үш рет айтуы жеткілікті. Шариғи неке қиған мұндай ер адамдар ешқандай жауапкершілік арқаламайды. Сондай-ақ ер адам шариғат жолымен неке қиған әйелімен ажырасса, баласына тегін бермейді. Мұндай жағдайларда «талақ» алып, қолында баласымен қалған әйел ДНҚ тестілеу арқылы әкелікті дәлелдеуге мәжбүр болады”, – деді Құсайынов.

Айтуынша, ер адаммен тек шариғат бойынша, мемлекеттік тіркеусіз неке қиған әйел ерімен ажырасқанда, баласына алимент өндіре алмайды. Нәтижесінде көптеген әйелдер ештеңесіз қалады. Балалар әкесі тірі болса да жетім күй кешіп өмір сүрелі.

«Сондықтан Қазақстанда шариғат некелеріне тыйым салатын заң қабылданып, ҚМДБ шариғат некеге пәтуа (діни шешімдер) шығарып, осы құбылысты насихаттау керек», – деді Құсайынов.

Осы орайда бұрынғы имам Өзбекстан мемлекетін мысалға келтірді. Көршілес елдің үкіметі жасаған заң бойынша, шариғат жолымен неке қиып, көп әйел алуды насихаттаған имамдар 172 мың 437 теіге көлемінде айыппұл төлейді немесе 15 күнге қамауға алынады.

Құсайынов alash.online сайтында, осы ұстанымдарды белгілеп, петиция жариялады. Бұрынғы имам оны Тоқаевқа жіберу үшін жеткілікті дауыс жинайды деп санайтынын жеткізді.

Другие новости

Back to top button