Социум

Қазгидромет: Қазақстандағы аптап ыстықтын арты нөсер жаңбырға ұласады

Zakon.kz тілшісі синоптиктерден Қазақстанда алдағы үш күнде – 2024 жылдың 27-28 маусымында ауа райы қандай болатынын білді.

«Қазгидромет» РМК мәліметі бойынша, еліміздің шығысында және оңтүстік-шығысында +40+43°С дейін өте қарқынды аптап ыстық сақталады.

«27 маусымда солтүстік-батыста, 28-29 маусымда оңтүстікте, 29 маусымда солтүстікте, орталықта аптап ыстық төмендейді деп күтілуде», — деді синоптиктер.

Болжам бойынша, алдағы тәуліктерде Қазақстан аумағының басым бөлігінде ауқымды циклон әсер етеді, соның салдарынан республиканың батыс және солтүстік-батыс облыстарында найзағаймен бірге қатты жаңбыр жауады, бұршақ жауып, екпінді жел соғады.

«27 маусымда оңтүстік-батыста, 27-29 маусымда солтүстік-батыста, 28-29 маусымда елдің батысы мен солтүстігінде қатты жаңбыр жауады.

Тек еліміздің шығысы мен солтүстік-шығысында синоптиктердің болжауынша, ауа райы негізінен жауын-шашынсыз болады деп күтілуде.

Другие новости

Back to top button