Госорганы
«ҚазАвтоЖол» жолды өзі салып, өзі бақылайды — мәжіліс депутаты
Мәжіліс депутаты Нұртай Сабильянов еліміздегі автожол сапасын бағалау өлшемін өзгерту керек деп ұсыныс айтты, деп хабарлайды Qaz365.kz.
Бұл туралы ол Мәжілістегі Үкімет сағатында айтқан.
“«Қалбатау – Майқапшағай» тас жолын жөндеу 2019 жылдан бері бес жылға жуық уақыт жүргізіліп келеді. Бірақ жөндеу жұмыстары әлі күнге дейін аяқталған жоқ. Ұзындығы 412 км болатын республикалық маңызы бар «Қызылорда – Жезқазған» автожолы ең үлкен мәселе болып отыр. «Қазавтожол» компаниясы бір уақытта екі функицяны атқарып, жолды өзі салып, өзі бақылайды. Еліміздегі автожол сапасын бағалау өлшемін өзгерту керек”, – деді Нұртай Сабильянов.
Депутат сонымен қатар, жергілікті маңызы бар жолдардың 56 пайызына немесе 39 мың шақырымға қиыршық тастар мен топырық қана төселгенін, асфальт пен бетон жабындысы жоқтығын айтты.