Социум
Қазақтың танымал қолөнер шебері Бақыт Кеңшілікұлы өмірден өтті
Қазақстандағы атақты қолөнер шебері, үш мыңнан астам аспап жасаған Бақыт Кеңшілікұлы өмірден өтті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Қаралы хабарды мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі таратты.
«Бақыт Кеңшілікұлы – ағаш технологы, ұлттық аспап жасайтын шебер. Ол 1966 жылы 15 тамызда Моңғол Халық Республикасының Баян-Өлгей өлкесінде дүниеге келген. 1995 жылы атажұртқа қоныс аударып, содан бері Өскемен қаласында тұрды», — деп хабарлайды дереккөз.
Көзі тірісінде шебердің қолынан үш мыңнан астам аспап шыққан.