Туркестанская область

«Қазақтың байлары жасайтын тірлік қой». Түркістан облысында қытайлар мақта егіп жатыр

Түркістан облысының Отырар ауданында қытайлықтар мақта егіп жатыр, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Бұл туралы Ұлыстың “Ауылға жол” атты жобасында белгілі болды.

— Мақтаны қытайлар егіп жатыр. Біз мақтаның арасындағы арамшөпті жұламыз. Табысымыз күніне 12 мың теңге. Басында 15 мың теңге алатынбыз. Қытайдыкы дұрыс болмаса да дұрыс болып тұр ғой. Негізі өзіміздің байлар істейтін нәрсе ғой. Қазір оны Қытайдың кәсіпкері істеп отыр. Бір қытайлық 100 қазақты басқарып отыр, дейді жергілікті жұмысшылар.

Жұмысшылардың сөзінше, Қытай жерлерді 50 жылға жалға алған.

— Кемінде алты сағат жұмыс істейміз. Таңертең бестен бастап жұмыс істейміз. Қытайлықтарды түсінбейміз. Ол бізге балағаттап сөйлеуі де мүмкін. Бірақ аудармашы жоқ болғандықтан түсінбейміз. Ақшаны қолма-қол береді, дейді жұмысшылар.

Другие новости

Back to top button