Спорт

Қазақтар тоғызқұмалақты ғарышқа ұшырып, жерге қайта түсірді (ВИДЕО)

Қазақстанның тоғызқұмалақ федерациясының ақпаратына сүйенсек, тоғызқұмалақ тақтасы ғарышқа ұшып, жерге қайта оралған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Дереккөзге сүйенсек, тоғызқұмалақ – ғарышқа ұшқан жалғыз ойын түрі.

«Ғарыш компанияларының бірімен арадағы келісім негізінде ішінде тастары бар тоғызқұмалақ тақтасы алғаш рет ғарыш кеңістігіне ұшты. V Дүниежүзілік көшпенділер ойындары аясында стратосфера қабатына жетіп, қайтадан жерге түсті. Бұл тоғызқұмалаққа қызығып ойнайтындар үшін ғана емес, бүкіл Қазақстан үшін де маңызды жаңалық. Өйткені тоғызқұмалақ – ғарышқа ұшқан жалғыз үстел ойыны. Ұзақтығы 28 мың метрден алыс жолды еңсерді», — деп хабарлайды федерациясының баспасөз қызметі.

Другие новости

Back to top button