Социум

Қазақстанның коллекторлық нарығының қызметіне арналған алғашқы конференция өтті

Коллекторлық агенттіктер, ЕДБ, микроқаржылық ұйымдар мен қаржы нарығындағы сарапшылар коллекторлық нарықты жаңарту және ондағы өзекті мәселелерді қарастыруға арналған «Жаңа Қазақстандағы жаңарған Collection» атты Қазақстанның І конференциясы аясында бас қосты.

Іс-шараны коллекторлық нарықтың трансформациясына және тұтынушылардың құқықтарын қорғауға белсенді түрде қатысатын Қазақстанның ұлттық коллекторлар палатасы ұйымдастырды.

Қазақстанның коллекторлық агенттіктерінің конференциясына қаржылық, мемлекеттік секторлардың өкілдері және коллекторлық агенттіктердің басшылары қатысты. Іс-шара қазақстандық және шақырылған халықаралық сарапшыларды біріктірді.

«Қазақстан коллекторларының ұлттық палатасы» одағы түріндегі Заңды тұлғалардың қоғамдастығының төрағасы Назгуль Естеусизова мұндай масштабты іс-шара біздің елімізде алғаш рет ұйымдастырылуда деді.

«Біз коллекторлық нарықтың трансформациясы мен оны жаңғырту, сонымен қатар қоғамның коллекторларға деген қарым-қатынасын жақсарту қажет екендігі туралы жиі айтамыз. Ал оған қол жеткізу үшін саланың барлық қатысушылары ұстануы тиіс бірыңғай стратегия мен оңтайлы климатты құрастыруға бағытталған бірлескен жұмысты жүргізу талап етілді. Конференция барысында біз коллекторлық қоғамдастықтардың алдында тұрған басқа да өзекті сұрақтарды талқыладық» — деді Естеусизова ханым.

Бүгінгі таңда банктердің, МҚҰ мен коллекторлық агенттіктердің негізгі міндеті – мерзімі өткен берешекті сотқа дейін реттеуді күшейту және қарыз алушылармен жедел, жан-жақты және әділ жұмыстың жүргізілуін қамтамасыз ету.

Ресми деректерге сүйенсек, проблемалы кредиттермен сапалы жұмысты жүргізудің маңыздылығы жыл сайын, оның ішінде кредиттеу көлемінің артуы барысында күшейіп келеді.2023 жылғы 1 наурыздағы жағдай бойынша Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің статистикасына сәйкес ҚР банктеріндегі 90 күннен асатын (NPL90+) мерзімі өткен берешектің деңгейі жылдың басынан 12 млрд. тг. сомасына артып, 3,4%-ды немесе 827 млрд. тг. құраған. Жеке тұлғалардың банктердегі кредиттері 14,4 млрд. тг. жеткен және оның көлемі тұрақты түрде негізде артуда. МҚҰ-дағы проблемалы кредиттердің деңгейі 5,4%-ды құраған, ал 2023 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша жеке тұлғаларға берілген қарыздардың жалпы көлемі 1,1 трлн. тг. дейін артқан.

Конференция барысында қатысушылар қарыз алушылардың құқықтары мен міндеттерін сақтау сұрақтарын, коллекторлық саланың трансформациясы мен жаңғырту мүмкіндіктерін, бұған қоса басқа да маңызды сұрақтарды талқылады.

Конференцияның пленарлық сессиясының негізгі спикерлерінің тізімі:

ҚР ҚНРжДА, ҚБА мен «Атамекен» ҚР ҰКП басшылары.

Меруерт Қабылбаева Парламентаризм институты норма шығару жұмысы басқармасының жеке заңнама бөлімінің басшысы.
Ербол Омарханов – Қазақстан Микроқаржылық ұйымдары ассоциациясының директоры.
Нуржан Биякаев – Қоғам қайраткері. Банктік сұрақтар бойынша тәуелсіз сарапшы.
Руслан Омаров Бірінші кредиттік бюроның бас директоры.
Борис Воронин РФ Кәсіби коллекторлық агенттіктері ұлттық ассоциациясының (ККАҰА) СРО директоры.
Давид Цацуа «Столичное АВД» ЖШҚ ұйымының бас директоры, РФ.
Зауреш Иманбаева — «ЦАКА» коллекторлық агенттігінің бас директоры.
Самат Ислямов – «Актив Коллекшн» коллекторлық агенттігінің директоры, қаржы нарығы мен саласының басқа да кәсіби қатысушылар.

Другие новости

Back to top button