Главное

Қазақстанның кей өңірлерінде күн 22 градусқа дейін жылынады

«Қазгидромет» 13-15 наурыз аралығына арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Дереккөзге сүйенсек, бұл күндері Қазақстанның шығысы мен орталығында жауын-шашын жаумайды, ал, батысы мен солтүстік-батыста циклонның әсерінен қар аралас жаңбыр жауады, жел соғады, арты көктайғаққа ұласады.

Еліміздің оңтүстігінде ашық әрі жылы ауа райы сақталады. Мәселен, батыс пен оңтүстік өңірлерде күндіз ауа температурасы 10-22 градусқа дейін, ал, түнде 0-8 градусқа дейін жылынады.

«Солтүстік өңірлерде аяз түсіп, түнде 10-25 градусқа дейін суытады. Еліміздің шығысында да аяз түсіп, ауа температурасы түнде 15-27 градусқа дейін, күндіз 2-13 градусқа дейін суытады», деп хабарлаған Қазгидромет.

Другие новости

Back to top button