Госорганы

Қазақстанның жаңа саяси-әкімшілік картасын әзірлеуге қанша қаржы жұмсалды

Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі геодезия және картография комитетінің төрағасы Қажымұқан Бекмұқашев еліміздің жаңа саяси-әкімшілік картасын әзірлеуге қанша қаржы жұмсалғанын айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

 

«Жалпы, Қазақстанның 6 облысының әкімшілік картасын және облыс орталықтарының жоспар-сызбасын әзірлеуге 56 млн теңге жұмсалды. Егер Қазақстан картасын (жаңа саяси-әкімшілік картасы) жеке алар болсақ, онда оған 10 млн теңге қажет болды. Толықтай алғанда, республикалық бюджеттен 56 млн теңге шығындалды», — деді комитет төрағасы орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз мәслихатында БАҚ өкілдерінің сауалына орай.

Осы орайда Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі Әсет Тұрысов картаны құрастыру кезінде нақтылық өте маңызды болғанын баса айтты.

Өйткені, картаға тауларды, көлдерді, орманды түсіру қажет.

«Ертең шекаралас аудандар әкімшілік бөліністі түсінуі, олардың қайта жатқанын білуі үшін географиялық тұрғыда дәлдікпен белгілеу қажет болды», — деді вице-министр.

Другие новости

Back to top button