Экология

Қазақстанның ірі қалаларында эконауқанға қатысушылар бір тоннадан астам қалдықтарды жинады

2024 жылғы 21 және 28 қыркүйекте – Қазақстанда өзінің 30 жылдығына орай Coca-Cola компаниясымен ұйымдастырылған Дүниежүзілік тазалық күні — World Cleanup Day аясында 600 қазақстандық кезекті ауқымды сенбіліктерге қатысты.

Coca-Cola, «Жасыл» экономика және G-Global дамыту одағы» ЗТБ және «Тұрақты дамуға көмектесу орталығы» ҚҚ, Астана, Шымкент, Алматы және Ақтау қалалары әкімдіктерінің қолдауымен ауқымды экобелсенділікке бастамашы болды, оған компания мен зауыт қызметкерлері, серіктестер ғана емес, өңірлердің жетекші білім беру және қоғамдық ұйымдары да қатысты: Алматы Менеджмент университеті, Қазақстан-Британ техникалық университеті, Нархоз университеті, М.С. Нәрікбаев атындағы ҚАЗМЗУ УНИВЕРСИТЕТІ, «Есіл» университеті, М.О. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті, Ш. Есенов атындағы Каспий технологиялар және инжиниринг университеті, Ақтау қ. НЗМ, Plastnet желісі, «Taza.Likee» жасыл мектебі.

«Біздің компания саналы түрде қоршаған ортаға теріс әсерді азайту үшін тұрақты даму стратегиясын ұстануға тырысқандықтан. Мұндай іс-шараның бастамасы біз үшін жақсы дәстүрге айналды,» — деді Coca-Cola Icecek Қазақстан тұрақты даму жөніндегі директоры Әлима Исембаева.

Іс-шара басталар алдында барлық қатысушылар үшін қалдықтарды бөлек жинау негіздері бойынша тренинг өткізілді, онда қатысушыларға қалдықтарды жинау мен өңдеудің маңыздылығы, сондай-ақ пластиктің қандай пайдалы шикізат екендігі және жауапты тұтынуды дамыту және қалдықтарды қайта өңдеудің неліктен маңызды екендігі, оларға «екінші өмір» сыйлау қажеттілігі туралы айтылды. Науқан барысында бір тоннадан астам қалдық жиналды, оның бір бөлігі 228,5 кг қайта өңдеуге жіберілді.

«Біздің бұл бағытта жүйелі жұмыс жүргізіп отырғанымыз бірінші жыл емес және Қазақстанда Coca-Cola-ға қуана қолдау көрсетеміз, мүмкіндігінше көп жастарды, бей-жай қарамайтын қазақстандықтарды тартуға тырысамыз. Біз қалдықтарды бөлек жинаудың және оларды қайта өңдеудің артықшылықтары туралы халықтың хабардарлығын арттыруға тырысудамыз, себебі әркім өз үлесін қоса алады», деді G-Global «жасыл» экономика үшін одағының бас жобалық менеджері Асыл Оқапова.

Астанада 780 кг қалдық, Шымкентте – 210 кг, Алматыда – 182 кг, Ақтауда – 270 кг жиналды.

Ақтауда World Cleanup Day 2024 акциясы «Тазалық бірлікте – Бакуден Ақтауға Эстафета» ұранымен өтті. Каспий жағалауын тазарту жөніндегі күш-жігер Қазақстанда да, Әзірбайжанда да бір мезгілде өтіп жатқан ауқымды бастаманың бір бөлігіне айналды.

Другие новости

Back to top button