Госорганы

Қазақстанның Елтаңбасы өзгермейтін болды

Мәдениет және ақпарат министрлігі Қазақстанның Елтаңбасын ауыстыру жөнінде мәселе жақын арада қаралмайтынын мәлімдеді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz порталы vlast.kz басылымына сілтеме жасап.

– Мәселе күн тәртібінен шығарылды, — делінген мәдениет және ақпарат министрлігінің Елтаңбаның өзгеруін талқылау процесі туралы ресми өтінішіне берген жауабында.

Еске салсақ, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Атырауда өткен Ұлттық құрылтайдың үшінші отырысында Елтаңбаға қатысты сыни пікірлер айтылып жатқанын мәлім еткен болатын. “Елтаңбамызға қатысты сыни пікірлер айтылып қалады. Оны Кеңес заманындағы Гербке ұқсатып жатады. Тым эклектикалық, күрделі дейді. Мұндай ойды ел ісіне бей-жай қарамайтын белсенді азаматтар ғана емес, мамандар да айтып жүр. Орынды пайымдар ескерусіз қалмауы керек” деген сол кезде президент.

Кейін бұл ұсынысты қоғам қолдай қоймады. Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин Jibek Joly телеарнасындағы «Уәде» бағдарламасында сұхбат беріп, Елтаңбаны ауыстыру бастамасына қатысты ойын ортаға салып, “Елтаңбаны өзгерту президенттің ұсынысы болмағанын” айтты.

Другие новости

Back to top button