Госорганы

Қазақстанның экс-қорғаныс министрінің ісі сотта қаралып жатыр

Сот Қазақстанның экс-қорғаныс министрі Мұрат Бектановтың үстінен қозғалған қылмыстық істі қарай бастады. Бұл жөнінде Орталық коммуникациялар қызметінде Бас прокуратураның қылмыстық қудалау қызметі бастығының орынбасары Елдос Қилымжанов мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.

Қазір сот бұрынғы қорғаныс министрі Бектановға қатысты қылмыстық істі қарап жатыр.

ҚР ІІМ Қылмыстық қудалау қызметі бастығының орынбасары Елдос Қилымжанов
Ол Алматы қаласы, Алматы және Қызылорда облыстары ҰҚК департаменттерінің бұрынғы басшыларына және Алматы облысының полиция департаменті мен Алматы әуежайының желілік полиция басқармасының бұрынғы басшыларына қатысты істер бойынша сот материалдарымен танысу рәсімі жүріп жатқанын айтты.

Сонымен қатар Талдықорған және Алматы қалаларында тергеудің заңсыз әдістерін қолдану фактісі бойынша сегіз полиция қызметкеріне қатысты екі қылмыстық іс сотқа жолданды.

Құқық қорғау және арнайы органдардың барлығы 29 қызметкері күдікті деп танылды, оның 8-і сотта, 20-сы іс материалдарымен танысу сатысында және біреуі тергеуде.
Елдос Қилымжанов
19 қаңтарда мемлекет басшысы Қазақстанның экс-қорғаныс министрінің ісіне сын айтқан еді. Сол күні Мемлекет басшысының Жарлығымен Мұрат Бектанов Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі қызметінен босатылды. Бұл қызметке оның орнына Руслан Жақсылықов келді.

Другие новости

Back to top button